Мерседес
Осыдан 130 жыл бұрын тұңғыш рет 4 дөңгелекті бензиндік моторлы көлікті шығарған- Готтлиб Даймлер. Ал, оған көмектескен мықты конструктор, немістің кәсіпкері- Вильгельм Майбах. Сол көлікке жаңа өзгерістер мен инновация алып келген неміс инженері- Карл Бенц. Майбах, Бенц, Даймлер. Иә осы үш неміс ұлтының мақтанышы, бір ғасырлық тарихы бар «Мерседес» маркасының негізін қалаған механиктері десек те болады.
1882 жылы Даймлер мен қалпағын үнемі тастамайтын Майбах бірігіп өз шеберханаларын ашады. Бұл екі неміс жігіті екі жыл салып ең алғаш мотоцикл жасап шығарады. Ал, «мен не ойлап тапсам екен?» -деген Бенц осылардың өнімін зерттей келе үш дөңгелекті не көлік емес, не арба емес өнімін патенттеп алып, АҚШ-қа сатып жібереді. Екі дөңгелекті мотоцикл шықты, үш дөңгелекті де шықты, төрт дөңгелекті көлікті кішігірім шеберханада Даймлер мен Майбах шығарып үлгірген болатын.
Бұл үш жігіт бірікепей, дербес конструктор болып жүрген кез. Бәрі 1881 жылдың 1 қарашасынан басталды. Бір-бірімен бәсекелес, шығарған өз өнімдерін тез арада патенттеу, көлік жарыстырып, инновацияны кім бірінші енгізеді сол мықты атты жарыс. Шыны керек Даймер үнемі инновация, жаңашылдыққа, ізденіспен жүретін мықты механик болған. Майбахқа маңыздысы қозғалтқыш (двигитель). Яғни, көліктің ішкі жағдайларымен ғана айналысатын конструктор болған. Ал, Бенц сол уақыттарда «Виктория» автокөлігіне ең алғаш болып алдыңғы дөңгелекті басқарушы руль ойлап тапты. Бенц бір жыл өтпей жатып ең алғаш автобус шығарады. Бенц ең алғаш жабық түрдегі көлікті шығарады. Бенц мықты. Ал, Даймлер мен Майбехте еш жаңалық, не өзгерістер болмады. Көлік жарысында көліктері шыдамсыз болды. Сәйкесінше нарықтан шыға бастағынын аңғарған Даймлер инвестор іздей басайды. Франция елінің Ницца қаласындағы кәсіпкер Еллинек Даймлермен келісім шартқа отырып, жаңа көлік түрін шығаруды ұсынды. Көп ұзамай жаңа көлікте дайын болды. Еллинектің нұсқауы бойынша жаңа көліктің маркасы қызының есімі- миссис Мерседес деп аталуын сұрады. Иә, Мерседес маркалы көлік конструкторлар жасаған ең мықты көлік ретінде нарқты 2-3 жл болды. 4 цилиндірлі, қуаты- 24 аттың күші. Бірақ, бұл қуаныш ұзаққа бармады. Елдегі экономикалық дағдарыс, бәсекеге қабілетсіздік тағысын- тағы. Сонымен не керек Даймлер (Мерседес) мен Бенц бірігіп жұмыс жасауға бекінді.
Иә. Уақыт өте келе 11 айдың ішінде ешқандай өзгеріс енгізбеген, компаниясы дағдарысқа батқан Бенц. Көлігінде бар ақауларды шеше алмаған Даймлер. Өз қозғалтқышын сата алмаған Майбех. Елдегі экономикалық дағдарыс бар, бәсекелестер көп, әрі мықты. Сонымен не керек алдағы 5 айда бір-бірімен келісім шартқа отырып үш жігіт бірігіп жаңа көлікті шығаруға кірісіп кеткен жыл-1926.
Айта кететін жайт. Даймлер мен Бенцтің өнімдері тек қана автокөлік қозғалтқышын шығарып қоймай. Сондай-ақ моторлы қайық, ұшақтың генераторларын шығарған сол себепті
Мерседес маркасының т аңбасы үш сәулелі - суда, ауада, құрылықта жеткен жетістіктерін де айта кеткендей...
©Nursultan Kaseke